Басты Жаңалықтар Алматылықтар Олимпиада чемпионын құрметпен қарсы алды

Алматылықтар Олимпиада чемпионын құрметпен қарсы алды

ХХV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Алматыға оралды. Спортшыны түнде қонған ұшақтан әуежайда жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды.

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Алматы әуежайында жүздеген жанкүйер салтанатты түрде қарсы алды. Гүл шоқтарын, плакаттар мен Қазақстан туын ұстаған тұрғындар ел намысын асқақтатқан спортшыға айрықша ықылас танытты. Осыдан кейін Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларына арналған салтанатты жиын өтті. Қала әкімі Дархан Сатыбалды халықаралық додада ел намысын қорғаған спортшыларға ризашылығын білдіріп, олардың табысы Қазақстан мерейін үстем еткенін атап өтті. Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтердің сертификаты, автокөлік кілті және ақшалай сыйақы табыс етілді. Жаттықтырушыларына да қаржылай қолдау мен баспана сертификаттары берілді.

Михаил Шайдоров, Олимпиада чемпионы:

Ақыры үйіме жеттім-ау! Бұл ұзақ кезең болды. Енді міне, туған, тұрып жатқан және өмір бойы тұратын сүйікті қалам Алматыға қайта оралдым. Толқып тұрмын. Мені күткен, қарсы алуға келген баршаңызға рақмет! Қалаға келгенде, сені осылай қарсы алса, оны сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алғысым шексіз!
Бөлісу