Egov AI ассистенті ай сайын 5 млн адамға көмектеседі
Egov AI ассистенті ай сайын шамамен 5 миллион азаматқа мемлекеттік қызметтерді алуға көмектеседі. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, көмекші құрал сұрақтардың 88%-на нақты жауап береді. Онлайн кеңесші тәулік бойы жұмыс істейді. Құжат айналымында интеллектуал жүйелер өтініштерді талдап, жауап әзірлеуді жеңілдеткен. Бірқатар салада іске қосылған пилоттық жобалар өндіріс тиімділігін арттырып, деректерді жедел өңдеуге мүмкіндік беріп отыр. Мамандар мұндай технология экономиканың негізгі секторларында өнімділігін арттырып, басқару сапасын жаңа деңгейге көтермек. Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда жасанды интеллект дәуіріне бейімделу – ел дамуының басты шарты екенін атап өткен еді. Осы бағытта ведомство елімізде цифрлық шешімдер мемлекеттік басқаруға кеңінен енгізіліп жатқанын жеткізді.
Назгүл Бажаева, ҚР ЖИЦДМ өңірлерді цифрландыру департаментінің директоры:
Толық автоматтандырылуға мысалы анықтамалар сонымен қатар, мүлдем электрондық түрде жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтер. Қазіргі танда атап өтсек бізде проактивті қызметтер бар. Олар статистикаға сүйенсек бір 40 тан астам проактивті қызметтер электрондық үкіметте іскер асырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы