Біржолғы әлеуметтік төлем берілетіні туралы жалған ақпарат тарады
«Табысы 232 мың теңгеден төмен отбасылар мен белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 мың 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалады».
Әлеуметтік желілерде тараған дәл осы ақпарат – жалған, - дейді Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Айтуларынша, қолданыстағы заңнамада
мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмаған. Мұндай хабарламаларды көбіне алаяқтар
жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын ескертті. Ведомство
өкілдері, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414
нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың
ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланатынын ескертеді. Ал жалған ақпарат
таратқандар жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14