Туристер көп келетін 10 өңір анықталды
Былтыр елімізге 15 млн-нан астам шетелдік турист келген. Тиісінше бюджетке 268 млрд теңге пайда түскен. Қазақстанға саяхаттағанды құп көргендердің басым бөлігі Ресей, Өзбекстан, Қытай, Үндістан және Германия азаматтары. Олар Алматы, Астана қалаларында, Алматы , Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Түркістан мен Ақтөбе облыстарында демалған. Мамандардың айтуынша, бұл туристер арасында сұранысқа ие топ-10 өңір. Қазақстан әлемдік туристік рейтингте өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.
Нұрбол Байжанов, Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а.:
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 52-орынға көтерілген, бұрын 66-орынға ие болған. Бұл туристерге ыңғайлы болуы мен қауіпсіздігін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және туристік объектілердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмысты көрсетеді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16