«ДосболLIKE» бағдарламасы: Аймақтық вебинарлар басталды
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша аймақтық вебинарлар сериясын бастады. Онлайн кездесулерге педагог-психолог, сынып жетекшілері және кураторлар қатысып жатыр. Вебинарларда баланың тұлғалық дамуы үшін қауіпсіз орта қалыптастыру, антибуллингтік командалардың жұмысын ұйымдастыру қарастырылады. Іс-шаралар Zoom платформасында аймақтық кестеге сәйкес онлайн форматта өтеді. Вебинарлар педагогтер үшін тәжірибе алмасу алаңы болып, білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолдаушы орта қалыптастыруға бағытталған тиімді тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Аманғали Мұхтаров, «Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық институтының ғылыми қызметкері:
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы біз балаларды топтық, жұмыстарға, командалық жұмыстарға тарта отырып, олардың бір-бірімен қоян-қолтық жұмыс істеп, бір-бірімен ауызбірлікте болуына және өздерінің пікірлес, ниеттес адамдарды табуына жағдай жасауға тырысамыз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13