Сауалнама: Респонденттердің 86,5% жаңа Конституция жобасын қолдайды
Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Бұл - Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама қорытындысы. Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа конституция жобасымен таныс екенін көрсеткен. Оның ішінде 34,2 пайызы мазмұнымен жақсы таныс, ал 53,3 пайызы жоба жөнінде естігенімен, егжей-тегжейін білмейтінін екенін айтқан. Ал 12,5 пайызы бұл туралы хабарсыз екенін жеткізген. Сауалнама нәтижесі бойынша жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейі де жоғары. Қатысушылардың 86,5 пайызы ұсынылған өзгерістерді қолдайды. Оның 48,4 пайызы құжатты толық мақұлдаса, 38,1 пайызы жекелеген нормаларын құптап отыр. Ал референдумға қатысуға дайын респонденттердің үлесі 70,7 пайыз. 11,6 пайызы дауыс беруге бармайтынын айтса, 17,7 пайызы әлі нақты шешім қабылдамаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы