Басты Жаңалықтар Алматыда «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығы ашылды

Алматыда «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығы ашылды

Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жанынан «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығы ашылды. Сондай-ақ, «Орталық Азия мұраты» атты кітаптар топтамасы таныстырылды. Жаңа орталықтың мақсаты халықаралық қатынастар саласындағы зерттеулерді институционалдық тұрғыда жүйелеу, Орталық Азияға қатысты ғылыми талдаулардың сапасын арттыру және өңірлік зияткерлік диалогты тұрақты ғылыми ынтымақтастық деңгейіне көтеру. Салтанатты жиынға Сыртқы істер министрлігінің және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері мен  Қытай, Қырғызстан,  Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикасының дипломатиялық өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық мүшелері қатысты. Жаңадан жарық көрген  «Орталық Азия мұраты» топтамасы Орталық Азия аймағының геосаяси, тарихи және қазіргі заманғы даму үдерістерін кешенді ғылыми тұрғыда талдауға арналған. Жиын  Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайта жаңғыртылған Академияның 80 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.

Думан Жекенов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ қауымдастырылған профессоры:

Кітаптар алтау. Біреуі монография. Монографияның аты «Орталық Азия мұраты» деп аталады. Және бес кітап Орталық Азияның бес мемлекеті және Қытай Халық Республикасы бойынша 2025 жылдың қорытындылары. 2025 жылы Қырғызстанда не болды, статистика, әлемдік рейтингте қандай орындар алады, экономикада қандай кризистер болды, халық саны қаншаға өсті, көрші мемлекеттермен қаншалықты экономикалық келісімшарттар жасады? Осының бәрі сол кітаптардың ішінде бар.
Бөлісу