Басты Жаңалықтар «Отбасы банк» 2 наурыздан бастап үй беру тәртібін өзгертеді

«Отбасы банк» 2 наурыздан бастап үй беру тәртібін өзгертеді

2 наурыздан бастап «Отбасы банк» баспана кезегінде тұрғандарға үй беру тәртібін өзгертеді. Енді кезекте тұрған азамат алдымен міндетті түгендеуден өтуі тиіс. Егер азамат түгендеуден өтпесе, ол мұқтаждар тізімінен шығарылмайды. Алайда баспана бөлу процесіне кезекке қашан тұрғанына қарамастан қатыса алмайды. Бұл ретте банк түгендеуден өтпеген азаматтарға жалға берілетін тұрғын үйді де, 2 пайыздық және 5 пайыздық жеңілдетілген несиені де ұсына алмайды. Қазіргі таңда 257 мың азамат түгендеу рәсімінен өткен. Банк өкілдерінің түсіндіруінше, түгендеу – кезекте тұрған азаматтардың деректерін нақтылау және тексеру үдерісі. Яғни отбасы құрамы, санаты, тұрғын үйінің бар-жоғы жөніндегі мәліметтер жаңартылып, ықтимал қателіктер жойылады. Бұл пәтерлерді ашық әрі әділ бөлуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде баспанаға шын мәнінде мұқтаж және кезекке бұрын тұрған азаматтар үй алады.


Бөлісу