Басты Жаңалықтар Чемпион болған жас хоккейшілер елге оралды

Чемпион болған жас хоккейшілер елге оралды

Канада төрінде ел намысын абыроймен қорғаған қазақстандық жас хоккейшілер тарихи жеңістен кейін елге оралды. Astana Team командасын Алматы әуежайында жанкүйерлер сән-салтанатпен күтіп алды.

Жеңімпаздарды түнде әуежайда туыстары мен жанкүйерлері ерекше қуанышпен қарсы алды. Чемпиондарға гүл шоқтары табысталып, жылы лебіздер айтылды. Олар жасөспірімдер арасындағы әлемдегі ең ірі жарыстардың бірі – Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирі ел намысын абыроймен қорғады. Astana Team топтық кезеңдегі барлық ойында жеңіске жетіп, плей-оффқа сенімді жолдама алған. Финалда отандастарымыз буллит сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Былтыр дәл осы жас санаты мен дивизионда қазақстандық команда күміс жүлдеге ие болған еді. Ал биыл чемпион атанып, келесі маусымда ең жоғары AAA дивизионына көтерілуге мүмкіндік алды.

Владимир Захаров, Astana Team балалар хоккей командасының бас бапкері:

Қазақстан бойынша ең үздік ойнайтын балаларды жинадық. Біз қалағандай бәрі келе алмады, әрине. Бір тәулікте үш ойын өткіздік. Соған қарамастан жігіттер алтынды қолдан бермеді. Бізді қолдаған барлық жанкүйерге алғысымыз шексіз. Президент құттықтағанын естігенде тіпті төбеміз көкке бір елі жетпей қалды.

Жантөре Асхатұлы, Astana Team балалар хоккей командасының қорғаушысы:

Командалар өте мықты болды. Бірақ біз жеңіп, чемпиондықты алып келдік. Финалда біз 1:3 есебімен ұтылып жаттық.   5 минут қалғанда 2 гол соғып, жеңіп кеттік.


Бөлісу