Басты Жаңалықтар Инновация мен технология тоғысқан алаң

Инновация мен технология тоғысқан алаң

Петропавл қаласындағы  креативті индустрия орталығы талантты жастардың тың идеяларын жүзеге асырып, шығармашылығын шыңдауға арланған заманауи ортаға  айналды. Ашылғанына 1,5 жыл болған мекеме инновация мен технология тоғысқан алаң ретінде қалыптасып келеді. Нысан бес бағыт бойынша жұмыс істейді.

Рахат Киікбай, жоба авторы:

Музей, ресторан сияқты ішінде бәрі бар. Енді картадан осы Петропавлдағы нысандардың бірін көрсетсеңізм Мәселен креатив орталығын алайық. Сондай-ақ М.Жұмабаевтың арт-галереясы бар.

Бірнеше минуттық турдың сыртында тұтас команданың еңбегі жатыр. Жоба авторларының айтуынша бұл өңірдің туристік әлеуетін дамытуға арналған қосымша. Қазір тарихи, мәдени, білім беру тағы басқа нысандардың 3D форматтағы нұсқасы әзірленіп жатыр.

3D принтердің көмегімен кез келген заттың дәл көшірмесін жасауға болады. Мәселен мына «Ботай» ескерткішінің прототипін әзірлеу үшін бір ай уақыт кеткен.

Алексей Захаров, 3D бағытының кураторы:

Мынау бұйымның принтерден шығарылған нұсқасы. Оны арнайы бояумен әрлейміз. Мәселен, «Ботай» ескерткішін жасау үшін дронмен айнала ұшып, 150 сурет түсірдік. Оны арнайы платформаға жүктеп, өлшемін жасадық.

Орталықта шығармашылықпен айналысамын деген әр адамға қолайлы жағдай жасалған. Басты мақсат – өңірдегі креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеру, жас дарындардың қабілетін шыңдап, әлеуетін паш ету.  

Эльмира Кәленова, тілші:

«Ақ қайың» креатив орталықтың мақтанышына айналған бренд. Мұнда ұлттық киімдер тігіледі. Әр бұйымға Солтүстік Қазақстанды бейнелейтін ою-өрнек салынады. Мәселен, мынау жылқы мен бидайдың суреті.

Креативті индустрия орталығы 5 бағыт бойынша жұмыс істейді. Дизайн, медиа, театр, би және ІТ саласы қамтылған. Жоба бірден көпшілік қызығушылығын тудырды. Бір жарым жылда 17 мың адам орталық жұмысымен танысқан.  

Закиржан Мамлютов, облыс әкімінің кеңесшісі:

Креатив орталығы жасанды инлеллектіні зерттеу, дамыту, енгізу мәселелерімен айналысады. Наурыз мерекесіне орай цифрлық форматта ұлттық ойындар кешенін жасап жатырмыз. Жастар ойын арқылы тарихымызды таниды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстан – цифрлық державаға айналуы тиіс. Президент тапсырмасын орындау мақсатында 7 ауданда креатив орталығы ашылды. Бір ай көлемінде тағы 6 нысан ашу жоспарланған.

Бөлісу