Алматыда «Жаңа Конституция – қоғамды топтастырудың тетігі» жиыны өтті
Алматыда «Жаңа Конституция – қоғамды топтастырудың тетігі» тақырыбында сараптамалық жиын өтті. Кездесуде сарапшылар Конституция жобасының қоғамдық келісімді нығайтудағы және ел бірлігін бекемдеудегі рөліне тоқталды. Ата заңның жаңартылған нормалары азаматтық жауапкершілікті күшейтіп, заң үстемдігі мен тәртіп қағидаттарын орнықтыру арқылы тұрақты дамуға негіз болады, -дейді. Жиын барысында этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру, ортақ құндылықтарды дәріптеу мәселелері де қозғалды. Тағы бір бағыт – Халық кеңесінің қызметі. Қатысушылар бұл құрылымның мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жүйелеп, ашық диалог алаңына айналу мүмкіндігін саралады.
Әсел Назарбетова, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы:
Әрине, халық кеңесінің қалай жұмыс істейтіні туралы, ары қарайғы оның регламенті туралы, жұмыс істеу механизмдері, қызметі туралы арнайы заңда көрсетіледі. Қазір тек жаңа Конституцияға енгені бұл жаңа институттың пайда болғаны және оның Ата заң аясындағы құзыреті көрсетілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы