Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдап, авиация саласын дамыту мәселелерін талқылады. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ осы рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды. Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.
Мемлекет басшысы жолаушылар және жүк тасымалы саласындағы бірқатар маңызды міндеттерді табысты шешу үшін британиялық менеджермен ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.Президент оған Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18