Басты Жаңалықтар Президент Astana Team балалар хоккей командасын құттықтады

Президент Astana Team балалар хоккей командасын құттықтады

Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады. 

Бұл турнир әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас хоккейшілер бақ сынайтын ең беделді додалардың бірі. Финалда қазақстандық жасөспірімдер хоккейдің отаны саналатын канадалықтарға қарсы тартысты ойын көрсетіп, шешуші сәтте жеңісті жұлып алды. Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш еткен өрендерімізге ризашылығын жеткізді. Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

Бөлісу