18 донор 68 адамның өмірін сақтап қалған
Былтыр елімізде 18 донордың ағзасы 68 адамның өмірін сақтап қалды. Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде трансплантацияға мұқтаж, яғни, ағза алмастыру үшін «күту парағында» тұрған науқастар саны 4500-ден асады. Мамандар донор болу мәселесіне қатысты қоғамда қате түсінік бар екенін айтады. Яғни реанимацияға түскен немесе қайтыс болған әрбір адам донор бола бермейді. Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарын күшейту және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында Алматыда семинар-тренинг өтті. Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық ұйымдастырған іс-шараға клиникалық мамандықтағы дәрігерлер қатысуда. Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында өткен семинарда трансплантациялық қызметті үйлестірудің заманауи тәсілдері мен донорлық үдерістің құқықтық-медициналық талаптары талқыланды. Мамандар мұндай оқыту шаралары сала сапасын арттырып, донорлық мәдениетті дұрыс қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.
Қайрат Иманбаев, ДСМ транспланттауды үйлестіру орталығының бөлім басшысы:
Донор болғанда халық ойлайды реанимацияға түскен, қайтыс болған кісілер бәрі де донор болады деп. Бұл қате. Донор тек қана мидың өлімі болғанда. Бұл енді инсультттан кейін, жол-көлік оқиғасынан миға зақым келген. Сол мидың өлімі болғанда ғана донор болуға мүмкіншілік бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы