Басты Жаңалықтар Конституция жобасында экономикалық дамуға басымдық берілген

Конституция жобасында экономикалық дамуға басымдық берілген

Конституцияның жаңа жобасындағы экономикалық бөлім ұзақ мерзімді дамуға бағытталған. Құжат ашық әрі тұрақты құқықтық орта қалыптастыруды көздейді. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин кәсіпкерлермен кездесіп, Ата заңның жаңа жобасының негізгі тұстарын түсіндірді. Сонымен бірге, Салық кодексіне қатысты жобалық кеңсе жұмысы туралы мәлімет айтылды. Онда апта сайын бизнес өкілдерінің өтініштері қаралып, заңды қолдану тәжірибесін нақтылау үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ұсыныстар әзірленеді. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге «Бәйтерек холдингі» арқылы көрсетілетін қолдау тетіктері де таныстырылды. Бұл шаралар сұранысқа ие өнім өндірісін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өңдеу саласын дамытуға бағытталған. Кездесу барысында бизнес өкілдері қосылған құн салығының жаңа мөлшеріне байланысты келісім-шарттарды орындау, өнім қабылдау тәртібі, несиелерді қайта қаржыландыру мәселелерін көтеріп, жауап алды.

Серік Жұманғарин, Премьер министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

Жаңа Конституция жобасымен барлық меншік нысандарын тең қорғалауы бекітеді. атап өткен жөн. Бұл инвесторлар, кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес үшін ерекше маңызды. Меншік құқығы қорғалады, алайда оны пайдалану экологиялық стандарттар мен өзге тұлғалардың құқықтарын ескеруі тиіс. Бұл жауапты нарықтың заманауи үлгісін қалыптастырады.


Бөлісу