Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция жобасында дербес деректерді қорғау күшейтілген

Жаңа Конституция жобасында дербес деректерді қорғау күшейтілген

Конституцияның жаңа жобасы қазіргі цифрлық дәуір талаптары ескеріліп әзірленген. Құжатта азаматтардың ақпаратқа қол жеткізуі, дербес деректердің сақталуы негізгі құқықтардың қатарына жатқызылады. Бұл туралы «Талдау» жобасы аясында дәріс өткізген Президенттің көмекшісі, Конституциялық комиссияның мүшесі Қуанышбек Есекеев мәлімдеді. Айтуынша, адамдардың жеке мәліметтерінің қауіпсіздігі мен цифрлық құқықтарын қорғау – мемлекеттің басты міндетінің бірі. Осы арқылы елімізде халық басты субъект болып қала беретін ұлттық модель қалыптастырылмақ. Жиында білім беру саласындағы елді цифрландыру стратегиясына ерекше назар аударылды. Қуанышбек Есекеев педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамытудың, заманауи білім беру платформаларын енгізудің, цифрлық инфрақұрылымды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Гүлмира Пармышева, «Талдау» мектебінің қатысушысы:

Конституцияда басқа елде еш жерде жеке деректердің қорғалуы жөнінде көрсетілмеген. Ата заңмен қорғалатыны біз үшін болашаққа деген үлкен сенім. Өйткені бұл цирландыру жасанды интеллектінің басты көзі адамдардың сенімінде деп есептеймін. Жеке деректерімізбен бөлісеміз. Сол тұрғысынан 21-бапта көрсетілген Конституцияның қазіргі жеке деректерді, азаматтарымыздың қорғалуы Ата заңмен қорғалатыны қуантты.


Бөлісу