Басты Жаңалықтар Алматыда «Зиманов энциклопедиясы» жарық көрді

Алматыда «Зиманов энциклопедиясы» жарық көрді

Алматыда Қазақстан Конституциясы мен заң саласында зор еңбек сіңірген көрнекті ғалымы Салық Зимановтың 105 жылдығына орай «Зиманов энциклопедиясы» таныстырылды. Шараға танымал академик-ғалымдар мен заңгерлер және ғылыми қауымдастық мүшелері қатысты. Басылым тарихи сабақтастықты көрсете отырып, жаңа Конституция жобасы мен қолданыстағы Ата Заңның арасындағы байланысты айқындайды. Энциклопедияда Салық Зимановтың құқықтық ғылымдағы орны, ғылыми еңбектері, қоғамдық және мемлекеттік қызметтегі рөлі қамтылған. Ғалымдардың пікірінше, жарияланған басылым жаңа Конституция жобасындағы қағидаттарымен үндесіп, оның құқықтық сабақтастығы мен мемлекеттің тұрақтылығының маңызын айқын көрсетуге мүмкіндік береді.

Мұрат Жұрынов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

Бұл кісінің ең бір тарихта қалған көп еңбектерінің бірі, ең елеулісі ол – 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының бірінші конституциясы болды. Ол кісі Парламенттің алдында бекіту үшін алты сағат бойы сұрақтарына жұрттың жауап беріп сахнада тұрды. Бұл ерлік.


Бөлісу