Басты Жаңалықтар Адам құқығы мен бостандығы – мемлекеттің басты құндылығы

Адам құқығы мен бостандығы – мемлекеттің басты құндылығы

Адам құқығын мемлекеттің басты құндылығы деп тану – елдің халық алдындағы жауапкершілігін арттырып, демократиялық қоғамның негізін қалайды. Жаңа Конституция жобасында қамтылған негізгі бастамаларға қатысты тұрғындар пікірі осыған саяды.

Сауалнама:

- Көп өзгерістер маған ұнады. Өйткені бұл Конституция негізі халықтың игілігіне бағытталған. Халық кеңесі деген жобалар ұнап тұр. Өтйкені халықтың үнін еститін үкімет болады деген ойдамыз.

- Адамның құқықтарына байланысты, адам бостандықтарына байланысты көптеген жаңадан нормалар енгізіліп жатыр. Оның ішінде мысалға алып қарасақ, «Кінәсіздік презумпциясы» енгізілді. Адамды екінші рет жауаптылыққа шақырмау керек деген сияқты толықтырулар енгізілді. Жалпы конституция біздің қоғамымызға жақсы ықпал береді деп ойлаймын, Қоғамның дамуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.

- Жеке адамдардың деректерінің таралып кетпеуіне мемлекеттің кепіл беретіндігі туралы арнайы баптың енгізілуі бұл өте үлкен қуанарлық жағдай. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам деп бекітілген. Ал енді біз цифрлы мемлекетке айналып келе жатырмыз қазір. Демек сол адамның цифрлық формасы сол адамның цифрлық деректері. Ал және оның Конституциямен қорғалуы өте маңызды.


Бөлісу