Жаңа Конституция жобасы: Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді
Конституцияның жаңа жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды әлеуметтік өзгерістер қарастырылған. Тұрғындар баспанадан сот шешімінсіз мәжбүрлеп шығармау туралы норма енгізілгенін ерекше атап өтті. Бұл жеке тұлғалардың құқығын қорғауда маңызды қадам дейді.
Бұрындары енді қарыз болса, банкіден қарыс болса, қыс ауасы болсын, жаз ауасы болсын, шығарып жібере беретін. Қазір мына жаңда үйді жаңағы соттың шешімінсіз ешқандай шығаруға үйін тартып алуға құқығы жоқ. Сол бап маған өте қатты ұнады. Қазіргі жеке адамдардың көбісі осы мәселе бойынша жаңағы құқықтары тапталып жатыр.
Ата заңның жаңа жобасы туралы не айтасыз? Және қай бапты ерекше атап өтер едіңіз?
28-бапқа тоқталғым келеді. Онда тұрғын үйге қол сұғылмаушылық мәселесі қарастырылдған. Банк кепілдігі немесе өзге де себептер бойынша тұрғын үйден шығарып жатыр деген мәселені естіп, көріп жүрміз, қоғамда. Енді бұл мәселе тек соттың шешімімен ғана реттелетін болады деп сенеміз.
Конституцияның жаңа жобасымен таныстыңыз ба? Пікіріңізбен бөліссеңіз?
Преамбуладан бастап мемлекеттің маңызы бар барлық мәселелері қамтылған. Мәдениет, білім, инновация, және адами құндылықтар. Мәтіні ұғынықты, тілге жатық, текст жақсы жазылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы