Сауда саласы ел экономикасының 26% өсіміне үлес қосқан
Былтыр сауда саласының нақты көлем индексі 108,9% болып, жалпы экономикалық өсімге 26% үлес қосты. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа отырысында айтты. Жиында министр өткен жылдың қорытындысына тоқталып, биылғы жоспарымен бөлісті. Ішкі тауар айналымында да оң динамика байқалады. Өсім 14,6% артып, 80 триллион теңгеге жетті. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 10 триллион теңге төмен болған. Негізгі өсімді көтерме сауда қамтамасыз етті, дейді Арман Шаққалиев. Оның көлемі 53,5 трлн теңгені құраған. Ал бөлшек сауда сегменті 26,4 трлн теңгеге жеткен. Соңғы үш жылдың ішінде алғаш рет салалық инвестициялар тұрақты өсімді көрсеткенін де атап өтті. Мәселен, инвестициялар көлемі бірден 42% артқан.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, сыртқы тауар айналымы 1,3% өсіп, 143,9 млрд долларға жетті. Шикізаттық емес экспорт көлемі 1,2% өсіп, 41 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар шикі заттың емес тауар экспорты өткен жылдың деңгейінде сақталып, 28,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы