Ауданның қауіпсіздігі жедел басқару орталығы арқылы бақыланады
Енді Целиноград ауданындағы ауылдардың қауіпсіздігі жедел басқару орталығы арқылы бақыланып отырады. Заманауи жүйе арқылы полицейлер елді мекендерге кіріп-шығатын көліктерді, қоғамдық тәртіпі тәулік бойы қадағалайды. Сондай-ақ бұл шешім, құқық қорғау органдарының жедел әрекет етуіне көмектеседі және табиғатты қорғауға да септігін тигізбек. Жоба туралы аудан әкімі цифрландыру және жасанды интеллект жылы мен Халықаралық волонтерлік жылының ашылуы салтанатында хабарлады. Орталық жыл соңына дейін іске қосылады, дейді. Айта кетейік, Целиноград ауданы өткен жылы ауыл шаруашылық саласын толық цифрландырған болатын. Шара барысында 9 ауылдан келген оқушылардың роботатехника көрмесі де ұйымдастырылды.
Дарын Сабырғали, Целиноград ауданының әкімі:
Барлық ауылды елді-мекендерде бейнебақылау қойған кезде, барлығы тікелей полицияның бөлімдеріне бөлімшелеріне шығарылып бір жағдай болған кезде өздеріңіз білесіздер, жылдамдық пен фиксацияны соны да барлығын көрсетіп реттеп қазір енгізіп жатырмыз. 01:55 Қазіргі таңда ХҚКО негізінде жоспарлап отырмыз, жылдың аяғына дейін бітіріп осы биыл іске асырамыз, деп жоспарлап отырмыз. Орталық та салынып жатыр қазіргі таңда.
Сонымен бірге Біріккен ұлттар ұйымы жариялаған халықаралық еріктілер жылы аясында ауданда волонтерлік қозғалыс кеңейеді. Осы бағытта аудан әкімі Ұлттық волентерлік желі фронт-офисімен бірлескен меморандумға қол қойды.
Махаббат Ирешева, Целиноград аудандық жастар ресурстық
орталығының директоры:
Биыл бізде 21 ауылдық округте еріктілер клубын ашу жоспарда бар. Нақтырақ айтсақ, бүгінгі шарада Ұлттық волонтерлік желінің фронт кеңесімен бірлесе меморандумға қол қоямыз. Сол меморандум аясында бізде жыл аясында: еріктелер клубын ашып, еріктілердің жұмысын жаңғыртып, семинар-тренингтер өткізу жоспарда бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы