СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды
Солтүстік Қазақстан облысында жабайы жануарларды қолдан азықтандыру маусымы басталды.
Өйткені қар қалыңдағандаған сайын аң-құстарға табиғи қорек жетпейді. Биыл облыс бойынша 2500 тонна шөп, 1800 тонна жем 500 мың данадан аса азықтық сыпыртқы және тұз дайындалды. Биыл қыс жұмсақ, қар аз болса да, жануарларға қосымша азық керек дейді мамандар. Облыста 47 аңшылық шаруашылық бар. Бұлан, қабан, елік, түлкі, борсық, қоян, құр, кекілік, сусары мекендейді. Соңғысының жойылып кету қаупі төніп тұр. Жабайы жануарларды азықтандыру наурыздың соңына дейін жалғасады.
Андрей Сапрыгин, аңшылық шаруашылық директоры:
Қабандарға жем қалдығын саламыз. Жататын орын дайындаймыз. Елік көбіне шөп пен қайың жапырақтарынан жасалған сыпыртқыларды жақсы көреді. Бұланға тұз қажет, сонымен қатар олар терек пен қарағайдың қабығын жейді. Қояндар да ағаш қабығын қорек етеді.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таразда ақын С.Томановты еске алды
06.10.2026, 17:33
«Таза Қазақстан» – жалпыұлттық құндылық
06.10.2026, 17:30
«Astaufest» халықаралық гастрономиялық фестивалі басталды
06.10.2026, 17:27
Қазақ мәдениетін Брюссельде студенттер таныстырды
06.10.2026, 17:25
Ботай мәдениеті Кембриджде таныстырылды
06.10.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 17:20
Туризмнің сан тарауын тоғыстырған Бурабай
06.10.2026, 17:17
Ұстаздардың ұсынысы тыңдалды
06.10.2026, 17:15