Импортты азайтуға септесетін нақты бағыттар айқындалды
Қазақстанда импортқа тәуелділікті азайту үшін нақты жоспар дайындап жатыр. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннын айтуынша, азық-түлік саласында 12 бағытты дамытуға басымдық берілмек.
Дәлірек айтсақ ет, сүт, құс еті, астық, қант, жеміс-көкөніс және балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу, жылыжай кешендерін дамыту, көкөніс сақтау инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бар. Одан бөлек азық-түлікке жатпайтын жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары, тұрмыстық техника, химия сынды 24 бағыт бойынша өндіріс көлемін арттыру көзделіп отыр. Жалпы нақты секторға шамамен 8 трлн теңге көлемінде жан-жақты қолдау көрсетіледі. Мақсат – ел ішінде өндірісті күшейтіп, сырттан келетін тауарға тәуелділікті азайту.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы