Мұстафа Шоқай шығармаларының 12 томдығы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұстафа Шоқай шығармаларының 12 томдығы жарыққа шықты

09.04.2019

Елордада Мұстафа Шоқай шығармаларының 12 томдық толық жинағы таныстырылды. Дәріс форматында өткен жиында саяси ғылымдардың докторы Әбдіжәлел Қошқарұлы тарихи тұлғаның халқы үшін жасаған еңбектеріне тоқталып, шолып өтті.  Мұстафа Шоқай қазақ халқының өміріне етене араласып, патша саясатына қарсы күрескен азаматтардың бірі. Сондай-ақ, бірнеше елде мыңдаған мақалалары жарияланып, әлі де аударылмай қалғаны көп. Дәріске Еуразия ұлттық университетінің тарих факультетінің профессор-оқытушы құрамдары, мектептің пән мұғалімдері, алаштанушы жас ғалымдар  мен студенттер қатысты. Аталмаш шара Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру аясында өткізілді. 

Әбдіжәлел Қошқарұлы, саясаттану ғылымдарының докторы:

Кейбір аудармалары бұрынғы тілдерінен әлдеқайда төмен шыққандары бар. Орысша аудармалар да бар. Бірақ, дегенмен соның өзінің жеткені жаман емес қой. 12 томдықта аудармалар емес, түп нұсқалары жарияланды. Бұл 12 томдықтың жақсы жері – қателіктерден таза. Егер 2 томдықта әлде қандай қателер кетіп жатса, оларды 12 томдыққа қарап отырып, жөндеуге болады.  

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу