Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш тақта қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш тақта қойылды

20.12.2017

Мұстафа Шоқай оқыған Перовск училищесінің ғимаратына ескерткіш тақта қойылды. Алаш қайраткері бұл жерде 1899-1902 жылдары білім алған. Қазір бұл жер сауда үйіне айналған бірақ, ғимарат әлі сол күйі тұр. Мұстафа Шоқай жас кезінен қоғамдық-саяси  өмірге араласты. Түбі бір түркі жұртының бірігуін қалады. Азаттықты аңсады. Ел болуды көздеді. Ескерткіш тақтаның ашылуына қатысқан зиялы қауым  өкілдері тарихи тұлғаның қайраткерлік болмысы, асыл  мұрасы туралы айтты. «Мұстафа Шоқайды зерттеу, насихаттау арқылы бүгінгі жастарға ел егемендігін ойлаған алаш арысының есімін ұлықтау қажет», дейді олар. 

Базарбай Атабай, Мұстафа Шоқай қорының президенті:

- Өзі бұрын оқыған орыс училищесіне тақта қойып жатқанымыз Мұстафаның әруағын құрметтеу деп білеміз. Бұрын Мұстафаның атын атауға да қорыққан болсақ, қазір Мұстафаның атымен мақтанатын, мадақтайтын болдық. Ескерткіштер қойып, көше аттарын беріп жатқаны елдігіміздің белгісі.

Хабарламаларға жазылу