Алматыда «Ұлт тұлғасы - Мұстафа Шоқай» кітабы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ұлт тұлғасы - Мұстафа Шоқай» кітабы таныстырылды

13.03.2015
Алматыда «Ұлт тұлғасы - Мұстафа Шоқай» кітабы таныстырылды

Алматыда «Ұлт тұлғасы - Мұстафа Шоқай», «Мұстафа Шоқай суретші көзімен» атты кітап-альбомдарының тұсауы кесілді.

Салтанатты шараға белгілі суретшілер, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кітап авторы - ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Әбілқасым Сәрсенбаев.

Алғашқы кітапта мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың сан қырлы өмірі тың деректермен, көркем тілмен баяндалады.

«Мұстафа Шоқай суретші көзімен» атты кітап-альбомы ұлы тұлғаның мәңгі идеялары мен саяси қызметін қылқаламның құдіретті күшімен беріп, сол өткен тарихи кезеңдерді көз алдыңызға әкеледі.

Айта кетейік, суретшінің 2011 жылы Стамбұлда «Ұлт тұлғасы - Мұстафа Шоқай», 2013 жылы Парижде «Мұстафа Шоқай жолымен» атты жеке шығармашылық көрмесі мен кітаптардың тұсаукесері өтті. 

Хабарламаларға жазылу