Мұстафа Шоқай туралы кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұстафа Шоқай туралы кітап жарық көрді

27.10.2022

Ғалым, профессор Әбдіуақап Қараның Мұстафа Шоқай кітабы Түркияда жарық көрді. Елдің Мәдениет министрлігі түркі дүниесінің 100 тарихи тұлғасы туралы кітаптар топтамасын шығару жөнінде шешім қабылдаған. Олардың қатарына Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылығы туралы кітап тұңғыш рет еніп отыр. Ұзақ жылдар бойы Мұстафа Шоқайдың өмірін зерттеп жүрген ғалым Әбдіуақап Қара бұл кітаптың топтамаға енуі күллі қазақтың жетістігі екенін айтады.

Әбдіуақап Қара, М. Шоқай кітабының авторы, профессор:

Келесі жыл Түркия Республикасының 100 жылдығына орай 100 ұлы түркі дүниесінің тарихи тұлғасы сериясымен шыққан кітаптың тұсаукесері болды. Бұл бастамасы 2021 бастап шыға бастады бұл биыл жалғасады.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу