Елімізде алғаш рет эпидемиологиялық онлайн-карта әзірленді
Елімізде алғаш рет эпидемиологиялық онлайн-карта әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері интерактивті жүйе арқылы әлемдегі эпид ахуалды бақылау өте қолайлы дейді. Әсіресе шетелге саяхаттауға, жұмыс сапарымен баратын отандастарымыз үшін таптырмас құрал. Азаматтар барғысы келген елдегі жағдайды, қандай ауру тарап, вакцина салдыру шарты бар-жоғын алдына ала біле алады. Сонымен бірге елдегі жағдайды да карта арқылы көруге болады. Аурудың қандай түрлері, штамдары тарап жатқаны туралы деректер жарияланып тұрады дейді ведомство өкілі.
Сауран Бақытбекұлы, ҚР ДСМ «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» базасындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталықтың басшысы:
Толығырақ батырмасын бассақ, жалпы эпидемиялық картаның бастапқы бетіне кіресіздер. Жалпы. мұнда әлемдік төтенше жағдайлар соңғы 7 күнде болған шолу бар. Дабылды бассаныз, толығырақ ақпарат береді. Оң жақтағы бұрышта жалпы белсенді, қазіргі таңда болып жатқан оқиғалар, зардап шеккен елдер саны және де қанша сағат бұрын жаңартылғаны көрінеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Бас Прокурорды қабылдады
20.10.2026, 20:01
Президент: Ақтоғай мыс балқыту зауыты іске қосылғаннан кейін Қазақстан мыс өндіретін жетекші елдердің ондығына кіре алады
20.10.2026, 18:18
Павлодарлық «Жасыл ел» жасақтары тың тәсілдерге қанықты
20.10.2026, 17:25
Амазон өзеніне мыңдаған тасбақа жіберілді
20.10.2026, 17:23
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15