Басты Жаңалықтар Жыл басынан бері 1900-ден астам адам қызылшамен ауырған

Жыл басынан бері 1900-ден астам адам қызылшамен ауырған

Жыл басынан бері 1900-ден астам адам қызылшамен ауырған. Науқастардың көбі Астана мен Алматы қалалары және Жамбыл, Атырау облыстарының тұрғындары. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, сырқаттанғандардың ішінде балалар көп. Дені  вакцина салдырмағандар. Ведомство өкілдерінің айтуынша, қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген.

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында  эпидемиологиялық ахуалды күн сайын талдап, бақылап отыру маңызды екені айтылды. Сонымен қатар бірқатар өңірде екпе салу жоспары толық орындалмағаны сөз болды. Әсіресе бұл көрсеткіш Маңғыстау облысында төмен. Мұндай кемшілік инфекциялық аурулардың таралу қаупін күшейтетіндіктен, жұмысты үдету керек, - деді Аида Балаева. Сондай-ақ халық арасында иммундаудың маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.


Бөлісу