Алдағы үш күнде күн күрт суытады
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің 7 аймағында республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Астана – Теміртау, Ақтөбе – Жымпиты бағыты бойынша жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Ал Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстардағы кей жол уческелер жабылды. Сондай-ақ Астанадағы халықаралық әуежайда 28 рейс кешіктірілді. Оның ішінде елордадан ұшып кететін 9 рейс бар. Қалғаны басқа қаладан қатынайтын рейстер. Әуежайдың баспасөз өкілдері бұл жағдайға әуе кемелерінің кеш келуі себеп, дейді. Ал синоптиктер алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады дейді. Бірқатар аймақта боран соғып, көктайғақ болады. Артынша аяз күшейеді деді.
Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
Солтүстікте, солтүстік батыста және орталықта түнде ауа температурасы 22-30 градус аязға дейін күндіз 15-20 градус аязға дейін төмендейді. Шығыста түнде 13-23 градус аяз, күндіз 12-20 градус аяз болады. Оңтүстікте түнде 10-20 градус аяз, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылуға дейін күтіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы