Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Үкімет үйінен әріптесім Шерхан Жамбылұлы тікелей байланысқа шығып тұр.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Үкімет ғимаратында қазір қызу қарбалас. Журналистер қауымы отырыстың басталуын күтіп отыр. Жылдағы дәстүр бойынша Мемлекет басшысы кеңейтілген отырыста былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылайды. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады. Министрлер мен әкімдердің біреуі қалмай осы отырысқа қатысады. Атқамінерлер кезек-кезегімен келіп жатыр. Басқосу бірер сәттен кейін басталады деген мәлімет бар. Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан аңдатпаға сәйкес бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасайды. Осыдан-ақ негізгі талқыланатын тақырып экономика мен цифрлық даму және жасанды интеллект мәселелері екенін байқауға болады. Бұдан бөлек, бірқатар облыс әкімдері де баяндама жасайды. Иә, әдетте Мемлекет басшысы осындай жиындарда ел үшін маңызды мәселелерді қозғап, жауаптыларға тапсырмалар жүктейді. Былтырғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту, агроөнеркәсіп кешенін нығайту және инвестиция тарту мәселелері сөз болған. Президент негізгі 8 басым бағытты атап, оны орындауға Үкіметке 5 жыл уақыт берген еді. Бүгін де маңызды мәселелер сөз боларын анық. Отырыс барысын мұқият бақылап, алдағы шығарылымдарда тарқатып айтамыз.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Италиядағы қысқы Олимпиаданың медальдары сапасыз болып шықты
10.02.2026, 13:29
БҚО-да 263 бас сиыр белгісіз ауруға шалдыққан
10.02.2026, 13:27
Еліміздің басым бөлігінде күн күрт суытады
10.02.2026, 13:21
Ақтөбе облысында боранның кесірінен 10 көлік соқтығысқан
10.02.2026, 13:18
Нью-Йорктегі суықтан 18 адам қайтыс болды
10.02.2026, 13:15
Вашингтон мен Ереван миллиардтаған долларлық келісімге қол қойды
10.02.2026, 13:12
Шымкентте борышкерлерге жұмыс ұсынды
10.02.2026, 13:09
Ұлттық қор – балаларға: $35 млн үй мен білімге жұмсалған
10.02.2026, 13:06