Медиа қауымдастық жаңа Конституция жобасын талқылады
Азаматтар жалған ақпараттан зардап шекпеуі үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Әсіресе, миллиондаған аудиториясы бар блогерлер мен жекелеген тұлғалардың құқығын заң аясында шектеу маңызды. Сонымен бірге сөз бостандығы мен азаматтардың ар-намысы, жеке деректерінің қауіпсіздігі арасындағы тепе-теңдік Конституциялық деңгейде айқындалуы тиіс. Бұл мәселе Бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Шараға БАҚ басшылары мен зум арқылы әр өңірден медиа мамандар қатысты. Жиында жаңа Конституция жобасына енгізілуі мүмкін тетіктер қаралды. Қатысушылар жауапкершілік құқықтық әрі әділ болуы керек дейді. Ол журналистік зерттеу мен қоғамдық сынға кедергі келтірмеуі тиіс. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша арнайы резолюция қабылданып, Конституциялық комиссияға жолданды.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» ҚБ төрағасы:
Дөңгелек үстел барысында біздің өңірдегі әріптестеріміз тарапынан да, республикалық БАҚ тарапынан да көптеген ұсыныстар айтылды. Әрине Ата заңымыздың жобасы бүгінгі күн ғана емес, болашақ үшін жұмыс істейтін басты заң болуы керек. Бүгінгі әлемде цифрлық дәуірдегі жаңа технологиялық мүмкіндіктердің өзгерісі мен қоғам да, адам да өзгеріп жатыр. Осыған байналысты біздің Конституциямыздағы жобасындағы тың өзгерістердің болуы да заңдылық деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы