Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция: «Мемлекет – адам үшін» деген жаңа бағытты таңдаймыз

Жаңа Конституция: «Мемлекет – адам үшін» деген жаңа бағытты таңдаймыз

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Құрылтайды тарату бойынша бапқа өзгеріс енгізуді ұсынды. Оның сөзінше, Amanat партиясының фракциясы 46 және 62-баптағы «Президент таратады» деген норманы «Президент таратуға құқылы» деп өзгертуді ұсынып отыр. Бұл саяси дағдарыстың алдын алатын құқықтық тетіктер. Сонымен қатар елдегі реформалар логикасына және Әділетті Қазақстан моделіне сәйкес келеді дейді. Бұдан бөлек, Мұрат Әбенов әлемде әртүрлі ұлттық идеялар қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, «америкалық арман», еуропалық әл-ауқат үлгісі, азиялық экономикалық керемет секілді тұжырымдамалар бар. Ал біздің Ата заңда азаматтың құқықтары мен еріктері ең маңызды құндылық ретінде бекітіледі.

Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі:

Біздің жолымыз – әділдік жолы. Біз осы ұстанымды Конституцияға жазып жатырмыз. Бұл философия Жаңа Конституцияның әрбір тармағына енген. Ол адам құқықтарын күшейтеді, отбасы мен дәстүрлі құндылықтарды қорғайды, мемлекеттің жауапкершілігін айқын көрсетеді. Яғни біз «мемлекет адамнан жоғары» деген ескі логикадан бас тартып, «мемлекет – адам үшін» деген жаңа бағытты таңдаймыз.


Бөлісу