Президент Sunwah group корпорациясының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Сунуа груп корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі Цай Гуаньшэньмен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестікті дамытуға айрықша мән беріп отырғанын айтты. Осы орайда алғаш Астанада ұсынылған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы табысты іске асырылып жатыр деді. Мемлекет басшысы екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының қарқынына жоғары баға беріп, тауар айналымы жыл сайын рекордтық межені бағындырып отырғанын атап өтті. Әңгіменің өзегі - инвестициялар бойынша серіктестік. Мемлекет басшысы жасанды интеллект саласында көшбасшы саналатын Қытай тарапымен ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді. Цай Гуаньшэнь Қазақстанның инвесторлар үшін тартымды әрі сенімді саясатын жоғары бағалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы