Алтынемелде аң көбейіп келеді
Жетісу облысында орналасқан Алтынемел ұлттық табиғи паркінде аң-құс саны көбейіп келеді. Қазір ерекше қорғалатын аумақта үш жарым мыңдай құлан бар. Ал қарақұйрық саны 6 мыңға жуықтаған. Сондай-ақ бұл жерде теке мен арқардың да өсімі байқалады дейді санақ жүргізген қорықшылар.
Таудың етегінен бастап Іленің жағасына дейін қамтылады. Содан кейін былтырғы жылдағы санақпен салыстырамыз.
Түз тағыларына арнайы GPS орнатылған. Сол арқылы олардың жүрген жерін және нақты санын анықтауға болады.
Санақ құлан, қарақұйрық, арқарларға 14 бағыт бойынша жүргізіледі. Оның 11-і көлікпен болса, 3 атты бағытта жүргізіледі.
Алтынемел мемлекеттік табиғи ұлттық паркінде жабайы аң-құс жылдан жылға көбейіп келеді. Әсіресе Қызыл кітапқа енген керқұлан мен қарақұйрықтардың өсімі байқалады. Жануарларды тамашалау үшін арнайы келетін туристер бар. Саяхатшы Яков Сыров пен Динара Сабитова да құландарды тамашалау үшін Алматыдан арнайы келіпті.
Маған бұл жердің табиғаты ұнады. Ауасы таза. Әрі қыста да қар қалың түспейді екен. Біз құландарды көру үшін келдік. Әзірге байқай алмадым. Бірақ құландарды кездестіремін деген үміттемін.
Қызметкерлердің айтуынша, туристердің көбі ілбісті көргісі-ақ келеді. Алайда жыртқыш аңды күнде кездестіру мүмкін емес. Десе де қызметкерлер фототұзаққа түскен ілбіске арнайы GPS орнатыпты.
Жалпы, біздің паркте 2020 жылы алғаш рет фототұзақ арқылы қар барысы бары анықталды. Бүгінге дейін шамамаен 20 шақты бар деп айтылады. Бірақ соның онында GPS орнатылған. Сол арқылы олардың жүру бағыттарын көріп отырмыз.
Сондай-ақ қазір парк аумағында 178 бас арқар мекендейді. Десе де бұл нақты мәлімет емес. Ерекше қорғалатын аймақта аң аулауға тыйым салынған. Жануарларды 80 қорықшы күзетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы