Петропавлда Қ.Қасымовты еске алды
Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қасымовты еске алуға арналған «Өнерді ұлықтаудан шаршамаған» атты кеш өтті.
Шараға жиналған қауым марқұмның мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды. Көпшілік назарына Қуандық Ишанғалиұлының өмірі мен шығармашылығы жайында көрме ұсынылды. Ол 1950 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Баян ауылында дүниеге келген. Өңір мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлкес қосқан тұлға. Еске алу кешіне ақын-жазушылар, әріптестері, достары мен көрермендер қатысты. Ол өмірінің соңғы жылдарында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрын басқарған болатын.
Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы қазақ театрының директоры:
Театрды кәдімгідей құлдырап, кішкене сол 2005-2006-шы жылдары әлсіреп бара жатқанда ол кісінің келуі, одан кейін 7-8 жылдың ішінде біз талай театр фестивальдеріне баруымыз, гастрольдерге баруымыз, жаңағы авторлармен жұмыс істеуміз өте қарқынды жүрді.
Ол жастарды қолдап, потенциалын аша білді, бар өмірін өнерге арнаған жан, дейді
қатарластары. Қуандық Қасымов бірнеше ауданда мәдениет бөлімін басқарған.
Облыстағы алғашқы қазақ фольклорлық «Ақ бидайдың» ансамблінің негізін қалаушы.
Жангелді Тәжин, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Қазақстаннан ең үздік деген өнер коллективіне, соның қатарына ілегіп, мыау Ресейдің Пермь облысында 90 концерт бердік. Бұл дегеніңіз ол кезде қазақ өнерін паш ету еді. Басқа білмейтін жер, білмейтін елді қазақ өнерін біз паш етіп, содай үлкен дәрежеге жетті.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада «Ұлы дала перзенті» кітабы таныстырылды
05.02.2026, 17:33
Мектеп оқушылар экологиялық бастамаларға қатысты
05.02.2026, 17:31
Қысқы Олимпиада ойындарына бір күн қалды
05.02.2026, 17:29
Ә.Науидің 585 жылдық мерейтойы Брюссельде тойланды
05.02.2026, 17:28
Маңғыстаулық студенттер туризм саласын меңгеруде
05.02.2026, 17:24
Петропавлда нысандардың виртуалды нұсқасы жасала бастады
05.02.2026, 17:22
Оралда бұқтырылған киік етін нарыққа шығара бастады
05.02.2026, 17:20
Атырауда 364 адам жауапқа тартылды
05.02.2026, 17:18