Құрылыс материалдарын қарасорадан жасап көрмек
Қарасора өсімдігінен құрылыс материалдарын, қағаз тіпті киім-кешек тігетін мата әзірлеуге болады.
Тың жоба Петропавл қаласында өткен «Тұқым күні. Қызылжар» атты халықаралық конференцияда таныстырылды. Неміс технологиясы қазақ шаруаларының қызығушылығын тудырды. Болашақта қарасораны өңдеу әдісін енгізу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған жиынға Германия, Ресей, Франция, Қытай, Австрия және басқа мемлекет өкілдері қатысты.
Александр Магер, Германия компаниясының өкілі:
Техникалық қарасорадан мыңдаған өнім түрін әзірлеуге болады. Оның құрамында есірткі заттары жоқ. Аталған өсімдіктен құрылыс, биоэнергетика, тамақ, фармацевтика, медицина, косметология, мал шаруашылығы тағы басқа салаларға қажетті заттар жасалады. Қазақстандықтармен әріптестік орнатамыз деп олаймын.
Конференция аясында көрме ұйымдастырылды. 30-ға жуық компания ауыл шаруашылығы саласына қатысты өнімдер мен тың технологияларды көпшілік назарына ұсынды. Сала мамандарына сапалы тұқым, өсімдіктерді қорғау құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен инновациялық жүйелер таныстырылды.
Болат Әбілмәжінов, шаруа қожалықтың жетекшісі:
Тұқымдар бар, заманауи қолданатын тыңайтқыштар бар. Осылардың бәрін бір жерде отырып қалсақ біз, қатардан қалып қоямыз ба деген әңгіме. Нәтижесін ертең күзде көреміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы