Жаңа Конституция жобасында адам құқықтарына үлкен мән берілді
Жаңа Конституцияның жобасында қауіпсіздік, егемендік мәселесі жіті қаралды. Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым бірнеше баптарда осыған назар аударылған дейді. Оның айтуынша, қос азаматыққа тыйым салынып, шекараның тұтастығына ерекше көңіл бөлініп отыр. Мемлекеттің унитарлық принципі кіріспе сөзде де, Конституцияның ішінде де жақсы көрсетілген. Бұл – елдің болашақтағы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағыттар. Одан бөлек Ата заңның жаңа жобасында адам құқықтарына үлкен мән берілген. Мәселен азаматтардың жеке деректерін Конституциялық заңмен қорғау ұсынылып отыр.
Айдос Сарым, Мәжіліс
депутаты:
Ең көп күшейген және қатайған, нығайтылған бағыт, тарау ол адам құқығы мәселесі. Біз енді қарап көрсеңіз, қазақ елі бәлкім әлемде тұңғыш мемлекеттің біріміз. Адамның цифрлық құқықтарын белгілеген, иә, өйткені біз түсініп отырмыз. Адамның физикалық өмірі бар күнделікті жүретін, жүгіретін, тыныстайтын, бірақ сонымен қатар енді соңғы 15-20 жылдың ішінде цифрлық әлем пайда болды. Ол да адам өмірінің мызғымас бір бөлігіне айналды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16