Басты Жаңалықтар СҚО-да биыл да су тасқыны болуы мүмкін

СҚО-да биыл да су тасқыны болуы мүмкін

СҚО-да биыл да су тасқыны қайталануы мүмкін. Петропавл қаласы мен Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандарында табиғи апат қаупі жоғары.

«Қазгидромет» алдын-ала болжам нәтижесін жариялады. Облыста 27  гидробекет тұрақты жұмыс істеп тұр. Онда қар қалыңдығы, құрамындағы су мөлшері есепетеледі. Мамандардың айтуынша, қардағы ылғал қоры көпжылдық көрсеткіштен 40 пайызға төмен, ал топырақтың қату тереңдігі былтырғымен салыстырғанда жоғары. Өңірдегі негізгі гидронысандардың бірі Сергеев су қоймасы 99 пайызға толып тұр. Болжам бойынша биыл көктемде 2 млрд текше метрден астам су келуі мүмкін. Бұл қалыпты көрсеткіш, дейді мамандар. 2024 жылғы тасқын кезінде Сергеев қоймасы арқылы 9 млрд текше метр су өткен еді. Төтенше жағдай қызметі наурыз айының соңында су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысын бастайтынын жеткізді.

Дәурен Қосшығұлов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:

15 ақпаннан бастап қардың қалыңдығын 5 күн сайын өлшейміз. 1 наурыздан күнде гидроллогиялық бюллетень жасалып, жауапты органдарға жолданады. Ақпан айының соңы мен наурыз айында қар әдеттегі мөлшерден көп жаууы мүмкін. Су тасқыны бойынша негізгі болжам наурыз айының басында жарияланады.


Бөлісу