60 жастан асқандарға пойыз билеттері 25% арзандады
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен ала алады. Ол үшін құны 3000 теңге болатын QURMET дисконттық картасы қажет. Карта 1 жылға жарамды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарға билет алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 15 пен 25 жас аралығындағы жастарға арналған KETTİK33 картасы енгізілді. Карта арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға 33% жеңілдік беріледі. Дисконттық карталар азаматтың жеке атына рәсімделеді, тек вокзал кассаларында сатылады. Жеңілдіктер кассада немесе bilet.railways.kz арқылы алынған билеттерге ғана қолданылады. Ескеретін жәйт, жаз мезгілінде, мерекелер мен каникул кезінде жеңілдіктер уақытша тоқтатылады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16