Басты Жаңалықтар «Ұлттық қор – балаларға»: 3 жылда 2,5 млрд доллар аударылды

«Ұлттық қор – балаларға»: 3 жылда 2,5 млрд доллар аударылды

«Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы басталғалы бері барлық балаға шамамен 2,5 миллиард доллар аударылған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өкілдері хабарлады. Қазір бағдарламаға үшінші жыл қатарынан қатысып жатқан баланың шотында 370 доллар бар. Биыл екі жасқа толатын бүлдіршінде 263 доллар, былтыр дүниеге келген сәбилерде 130 доллар бар. Сонымен қатар, жыл сайын негізгі сомадан бөлек жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептеледі. Мәселен, 2008-2023 жылдар аралығында балаларға 10 доллардай,  2007 және 2024 жылғыларға 4 доллардай қосымша қаржы түсті. Осы жылы 356 мыңнан астам азамат 18 жасқа толады.  Олар туған күні өткен соң қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға жұмсай алады. Я болмаса зейнетақы жинағы ретінде болашаққа сақтап қалуға құқылы. Баланың есепшотындағы ақшаны ата-анасы немесе заңды өкілі ЖСН бойынша kids.enpf.kz. сайты, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы тексере алады. Биыл 6 миллион 900 мыңнан астам балаға 130 доллардан аударылды.


Бөлісу