Басты Жаңалықтар Алматыда Конституциялық жоба ортаға салынды

Алматыда Конституциялық жоба ортаға салынды

Конституциялық жоба жалпыхалықтық талқылаудан өтті. Алты ай ішінде екі мыңнан аса ұсыныс жиналып, жүйеленіп, мазмұнды түрде қаралды, - дейді Алматыда Конституциялық жобаны талқылауға жиналғандар. Қоғамдық кеңес мүшелері мен қалалық мәслихат депутаттарының сөзінше, комиссия жұмысы толық ашық форматта өткен.  Барлық отырыс тікелей эфирде көрсетіліп, қоғамда кеңінен талқыланған. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша Конституцияның барлық негізгі бөлімін қамтитын 77 бапқа қатысты түзетулер топтастырылған. Заңнамаға сәйкес, егер нормативтік актінің жартысынан көбі өзгеріске ұшыраса, ол жаңа редакция болып есептеледі. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтары цифрлық ортада қорғалатыны алғаш рет Конституцияда бекітіледі. Сонымен қатар, адвокаттық қызмет пен адвокатура институты, кінәсіздік презумпциясы және «Миранда ережесі» азаматтардың құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді, - дейді шарада сөз алғандар.

Мейіржан Отыншиев, қалалық мәслихат төрағасы, Конституциялық комиссия мүшесі:

Парламенттік реформа аясында басына 40 бапқа жуық өзгеріс енгізу болған. Бірақ, ашық әрі жария түрде жүргізіліп Е-Өтініш, Егов порталында қабылданған өтініштерді басқа қа ұсыныстарды ескере отырып, Конституцияның 84%-ына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс түсті.


Бөлісу