60-тан асқан адамдар пойыз билетін 25% жеңілдікпен ала алады
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойыз билеттерін 25% жеңілдікпен ала алады. Ол үшін құны 3000 теңге болатын QURMET дисконттық картасы қажет. Карта 1 жылға жарамды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарға билет алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 15-25 жас аралығындағы жастарға арналған KETTİK33 картасы енгізілді. Карта арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға 33% жеңілдік беріледі. Дисконттық карталар азаматтың жеке атына рәсімделеді, тек вокзал кассаларында сатылады. Жеңілдіктер кассада немесе bilet.railways.kz арқылы алынған билеттерге ғана қолданылады. Айта кетейік, жаз мезгілінде, мерекелер мен каникул кезінде жеңілдіктер уақытша тоқтатылады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00