Президент журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграмдағы парақшасында жариялады. Президент бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді. Мемлекет басшысы құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты. Отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы