Монша орнына мектеп ашқан: Жеке мектептер тексеріледі
Жұлдыз Сүлейменова,ҚР Оқу-ағарту министрі:
Кейбіреулері моншада, кейбіреулері қоймада мектеп ашып он жылдан бері жекеменшік мектеп ашып келе жатқанын біліп отырмыз.
Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дейміз ғой. Ондай да кейстер болған. «Мертвые души» дейміз ғой сондайларды тіркеген жекеменшік мектептер де бар.
Соңғы уақытта ақпараттық алаңда жекеменшік мектептердің мәселесі жиі-жиі көтеріле бастады.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты
Мектепті ашпайтын жерге ашатын болды.Мемлекет өз қаржысымен бір аудан
орталығында екі келешек мектебін салып жатса қасында бес жеке мектеп салып
жатыр. Бала жоқ оқитын 80 шақырым жерден барады да балаларды автобусқа салып
алып қинап балаларды күнде қауіпсіздік мәселесі балаларды алып келіп жатыр.
Осылайша 2018 жылдан бастап жекеменшік мектептерге мемлекеттік тапсырыс беру жобасы басталған. Осыдан кейін елдегі жеке мектеп саны еселеп өсіп бүгінде 800-ден асқан. Бірақ әңгіме санда емес, сапада болып тұр.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Біз байқағанымыз 75 пайыз мектеп арендада отыр. Біреудің ғимараты. Арнайы салынбаған. Ол әрине сәйкес келмейді. 67 пайыз мұғалім мамандығы сәйкес келмейді. Көп ғимараттар әшейін қаңқасы ғана.
Мұны Оқу-ағарту министрінің өзі растайды.
Жұлдыз Сүлейменова,ҚР Оқу-ағарту министрі:
Бірінші ретте біліктілік туралы мұғалімдер өзінің біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіні бізді алаңдатады. Екінші мәселе осы жекеменшік мектептерде былтыр 1600 алтын белгі иегерлері алтын белгінің талаптарына сәйкес келмеген.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Шымкентте бір компанияны көрдік. 8 түрлі бизнесі бар. Біреуі базарда, біреуі тойхана, біреуі монша. Ал артық ақшасына мектеп салып қойған. Сонда мектепке түскен ақшаны алған да басқа бизнестеріне жіберген. Кеше мысалы өз ауылдарымда болдым. Базарда ағаш сатып жүрген адам артық ақшасы болып мына жерге келісіп пара берген сияқты мектеп ашуға рұқсат алған. Өмірі білім саласына қатысы жоқ.
Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:
2023-2024 жылдары 116 адам ел аумағынан 895 жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұлардың барлығы жеке мектептердің жетекшілері мен құрылтайшылары. Сондай-ақ 66-сы 192 қымбат көлік алған. Бір ғана құрылтайшы 76 жылжымайтын мүліктің иесі атанса, тағы бірі 69 нысанды сатып алған.
Сонда жеке мектеп ашу да, оған мемлекеттік тапсырыс алу да оңай болғаны ма?
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Оның барлығын жасаған Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы Қаржы орталығы. Өздері шешті.
Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
Өтініш жазады, оның білім беру қызметіне лицензиясы болуы керек және тиісті құжаттары болуы керек. Ата-аналар мөлшерінің бекітілген мөлшерін көрсетеді санитарлық қағидаларға сәйкес қорытынды көрсетеді. Төтенше жағдайлардың қорытындысын көрсетеді.
Сонымен, жеке мектептер бір оқушы үшін мемлекеттен жылына қанша қаражат алады?
Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
Мемлекеттік тапсырыс егер орта есеппен алса 706 мыңдай болып келеді. Бастауышта бір мен төртке жобамен 668 мыңдай болса бес пен тоғызға 900 мыңдай болады. Ал енді он мен он бірге 1 млн 100-дей болады.
Бұл әрине, жан басына шаққандағы есеп. Жалпы сомаға келсек, 2020 жылы 13 миллиард теңге бөлінсе, 2025 жылы 242 миллиард теңгеге жеткен.
Шәкәрім Сейсенбай, Qadam School жеке мектептер желісінің негізін қалаушы:
Жекеменшік мектептерге де, мемлекеттік мектептерге де бөлінетін жан басына қаржыландыру соммасы бірдей.
Шәкәрім Сейсенбайдың өзі еңбек жолын мұғалім болып бастаған. 4 жылдан бері жеке мектептер желісін ашып 300-ден аса баланы оқытып отыр.
Шәкәрім Сейсенбай, Qadam School жеке мектептер желісінің негізін қалаушы:
Нақты менің ойым сондай фактілер айқындалған мектептермен бөлек жұмыс жасалуы керек. Мемлекеттің тарапынан ондай қолдау болмаса, қолдау белгілі бір себептерге байланысты кесілетін болса әрине менде таңдау тұрады. Ол оқу ақымды өсіремін ол менің кейсімде. Ата-аналар оқу ақысы көтерілгеннен кейін не істейді? Жекеменшік мектептен мемлекеттік мектепке қайтадан қозғалады. Бұл ретте мемлекеттік мектептерде де орын тапшылығы қайтадан өседі.
Осы тұста заңды сауал туады: егер жеке мектептер ата-анадан милллиондап оқу ақысын алатын болса, мемлекеттік тапсырыстан түскен ақшаны қайда жұмсайды?
Шәкәрім Сейсенбай, Qadam School жеке мектептер желісінің негізін қалаушы:
Жан басына қаржыландыру түседі, ата-ананың ақшасы түседі осылардан жекеменшік мектеп бағанағы айтқан нәрселердің бәрін өзі шығарады. Мемлекеттік мектептерде жан басына қаржыландыру түседі. Бірақ бұдан тыс қажеттіліктер пайда болған кезде маттех базаны жаңарту, ремонт жүргізу, тамақ деген секілді шығындарды мемлекет бөлек тағы да қаржыландырады.
Сонымен жаңа оқу жылынан бастап жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді.
Шынар Ақпарова, ҚР Оқу-ағарту вице-министр:
Ең бірінші бізде осы жаңадан ашылатын мектептерге мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мораторий жоспарлануда. Одан бөлек қай жерде орын тапшылығы болса, яғни мемлекеттік мектебі жоқ жерлерге, үш ауысымды мектебі бар жерлерге сонымен қатар апатты жағдайдағы мектебі бар жерлерге мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын болады. Бұл 2026 жылдың 1 қыркүйегінен болады. Ал қазіргі 785 мектеп алып отыр дедік қой олар осы оқу жылының соңына дейін мемлекеттік тапсырыс алады.
Ал осы айдың басынан бастап Бас прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар жеке мектептерді тексеріп бастайды.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Біз үш негізгі талап қойып отырмыз. Бірінші білімнің сапасы туралы. Екінші мұғалімдердің қамтылуы мен мұғалімдердің біліктілігі туралы. Үшінші балаларымыздың қауіпсіздігі тұрғысынан. Осы үш талапқа сәйкес болатын босла олардың лицензиясы қалады.
Бірақ мұндағы мақсат олардың лицензиясын тартып алып, санын қысқарту басқаша айтқанда жеке меншіктегі мектептерге қарсы күрес емес. Егер сапалы жұмыс істейтін жекедегі білім ордасы болса- құп. Тек, қазынаның қаражатын оңды-солды шашуға ешкімнің құқығы жоқ.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Бір тиын мемлекеттің қаражатын дұрыс жұмсамадың ба? Жауапқа тартыласың. Министрлік емес құқық қорғау органдары тексеруге барады бүкіл ұрлаған ақшаны қайтаруға жұмыс істейді. Тек қана ұрсып қана қоймайды жауапқа тартады. Түрмеге қамайды ұрлаған адамдарды. Соған дайын болу керек.
Моншаның ғимаратына мектеп ашып, оқушының ақшасына тойхана салғандар оған дайын ба екен, өзі?
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы