Студенттер қоқыс полигонының жұмысымен танысты
Маңғыстаулық студенттер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының жұмысымен танысты.
Танымдық экскурсия барысында жастарға қалдықтарды қабылдау, тасымалдау және сұрыптау процесі көрсетілді. Баянды елді мекенінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау полигонына күн сайын қала мен аудандардан 300 тоннадан астам қоқыс жеткізіледі. Мамандардың айтуынша, оның шамамен 50-60 тоннасы ғана сұрыптаудан өтеді. Полигон аумағында қалдықтардың салмағы арнайы таразымен өлшеніп, құрамында улы әрі зиянды заттардың бар-жоғы тексеріледі. Студенттер тұрмыстық қалдықтарды азайту мен қайта өңдеудің маңызын түсінді.
Дильназ Атажан, студент:
Үйден күнделікті бөтелкені, полиэтилен пакетті бөлек, содан кейін органикалық қалдықтарды бөлек жинау керек. Бұл жерге келгеннен кейін өңдемей, бөліп жіберуге ыңғайлы болады. Ең бірінші халықтан бастау керек деп ойлаймын.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16