Павлодарда ретро көліктер көрмесі өтті
Павлодарда көне көліктер көрмесі өтті. Ұйымдастырған - осы өңірдегі жоғары оқу орындарының біріндегі машинажасау факультеті. Көрмеге жеке көлік иелерімен қатар автоклубтар қатысты. Көліктердің ұзын-ырғасы 30-ға жуық. Жұртшылық көліктерді сыртынан ғана қарап кеткен жоқ. Тәжірибелі техника білгірлері автотехника қозғалтқышының қуаттылығы, орнынан қозғалғандағы шапшандығы және құрастыру ерекшелігі жайлы айтып берді. Келушілерді негізінен раритет автокөліктер қызықтырды. Олардың кейбірінің зауыттан шығарылғанына 70 жылдан асқан. Ең көнесі Кеңес одағында жасалған «Волга» көлігі. Бояуына дейін зауыттан шығарылған күйінде сақталыпты.
Рамиз Зарипов, көрмені ұйымдастырушы:
Басты мақсат - ескі көліктердің бар екендігін көрсету. Жастардың техникаға бейімділігін арттыру. Мәселен, қазіргі автоөндіріс озық технологияның күшімен дамуда. Ал бүгінгі көрмеге әкелінген көліктерде адамның ақыл-ойы мен күші, яғни қолмен жасалған дүние көп. Кездесе қалғанда адамдар жаппай жүгіре барып көріп жатады. Сондықтан мұндай көліктерді қайта қалпына келтіріп, көрмеге шығаруға ниетті адамдар қатары көбейіп келеді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11