Қайтарылған 8,5 млн га жер қайта бөлінді
Елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және қайта айналымға енгізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов осылай деді. Бүгінге дейін пайдаланылмай жатқан және жер заңнамасын бұза отырып берілген 2 млн га жерді қайтару жөніндегі республикалық жоспар артығымен орындалып, 2,1 млн га жер мемлекетке қайтарылды. Қазір 2026 жылға арналған Жол картасында пайдаланылмай жатқан 1 млн га жерді мемлекет меншігіне қайтарып алу көзделген.
Мұрат Теміржанов, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:
2026 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қайтарылған 8,5 млн га жер қайта бөлінді, оның ішінде, 2,8 млн га жергілікті халықтың мал жаюы үшін ортақ пайдалануға берілді. 5,7 млн га конкурстық негізде ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілеріне табысталды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Криптовалюта мен цифрлық теңгенің айырмашылығы неде?
17.05.2026, 20:16
Бюджеттегі ұрлық: Былтырдан бері білім беру саласында 85 қылмыстық іс тіркелген
17.05.2026, 20:07
Сатып алу, пара беру, оқып алу: Жүргізуші куәлігіне қатысты заңсыздықтар қашан тыйылады?
17.05.2026, 20:06
LRT Астананың тағы қай аудандарына салынады?
17.05.2026, 20:05
Қазақстан мен Түркия «АНКА» дрондарын бірге өндіреді
17.05.2026, 19:56
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде қандай ұсыныстар айтылды?
17.05.2026, 19:55
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12