Басты Жаңалықтар Australian Open Juniors: З.Нұрланұлы жартылай финалда

Australian Open Juniors: З.Нұрланұлы жартылай финалда

Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы Австралия ашық чемпионатының жартылай финалына өтті. Отандасымыз спорттық мансабында алғаш рет аталған турнирдің финал жолдамасына таласады.

Ол ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен шеберлік байқасты. Алғашқы сетте қарсылас 6:3 есебімен басымдық танытса, екінші партияда Заңғар өзін дәлелдеді. Шешуші сында 17 жастағы қазақ баласы 6:4 есебін тіркеп, матчты өз пайдасына аяқтады.

Ал ересектерден еліміздің әйелдер арасындағы үздік теннисшісі Елена Рыбакина Australian Open-нің шешуші кезеңіне жолдама алды. Жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте алтыншы орында тұрған АҚШ өкілі Джессика Пегуладан айласын асырды. Осы жеңісінен кейін қазақстандық спортшы әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Лена чемпиондық титулды Беларусь өкілі Арина Соболенкамен сарапқа салады. Дәл осы Үлкен Дулыға турнирінде жұптық сында бақ сынап жатқан, Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич те финалда бақ сынайды. Олар чемпиондық атақты қытай-бельгия дуэтімен сарапқа салады. Шешуші мачттар ертең өтеді.


Бөлісу