Басты Жаңалықтар Конституциялық комиссия: Халық кеңесінің өкілеттілігі жарияланды

Конституциялық комиссия: Халық кеңесінің өкілеттілігі жарияланды

Халық кеңесінің құрамына еліміздегі этностардың 42 өкілі, қоғамдық бірлестіктердің  42 өкілі  және өңірлердегі мәслихаттардың 42 өкілі  кіреді. Бұл жергілікті жерлердегі жағдайды ескеруге мүмкіндік береді. Халық кеңесінің өкілеттіктері 71-бапта көрсетілген. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, Халық Кеңесі парламенттің баламасы емес және онымен бәсекеге де түспейді. Ол тұрақты қызмет ететін консультативті орган.

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Құрметті әріптестер, Халық Кеңесі бұл парламенттің баламасы емес және онымен бәсекеге де түспейді. Ол тұрақты қызмет ететін консультативті орган. Мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір. Оның өкілеттілігі конституциялық заңда нақты белгіленетін болады.

Құрылтай ең жоғары өкілді орган болып бекітіледі

Ал Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Құрылтайдың артықшылығын түсіндірді. Оның айтуынша, жаңа Конституциялық редакцияға сәйкес, бір палаталы Құрылтай заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып бекітіледі. Бұл жердегі ең негізгі жаңалық – заң шығару күн тәртібін бір ғана палата қалыптастырады. Сондай-ақ Құрылтайға партия сүзгісінен өткен өз саласының нағыз мамандары мен кәсіби кадрлар келетінін жеткізді.

Бөлісу